Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева Түркістан облыстық Шәмші Қалдаяқов атындағы филармония басшысына көңілдес болмағаны үшін концерттерден шеттетіліп, қысым көріп жатқанын мәлімдеп, облыс әкімәнен араша сұрады.
«Мен филормонияда көп қысым көріп келе жатырмын. Соның ішінде Түркістан облыстық Шәмші Қалдаяқов атындағы филармония басшысы Ғалымжан Ерназаров тарапынан да қысымдар болып жатыр. Маған сен концертке қатыспайсың сенің киімдерің жоқ, және маған махаббат жайлы әңгімелер айтады. Ұятта болса айтайын, менің алдыма келіп отыр, сені иіскеуім керек, деген әңгімелердің бәрінен өтіп келе жатырмын», -деп ашынады әнші.
Наркенже Серікбаева осы мәселені реттеу үшін облыс әкімінен көмек сұрап, қазақ қыздарының барлығы басшыларынан қысым көріп, солардың қолжаулығы болып кетіп жатқанын жеткізді.
«Мен онымен махаббат құрмағаным үшін және филормониядағы шындықты айтқаным үшін қысым көріп келемін. Ақыр соңы мені сахнадан шеттетті. Барша жұмысшылардың көзінше «сенің киімің жоқ, болды қатыспайсың» деп ар-намысыма тиді», — деген Наркенже Серікбаева әкімнен араша болуын өтінді.