Үкімет жастар жылына байланысты қабылданған «Жол картасына» 121,9 миллард теңге жұмсауды көздеп отыр, деп жазады «Жас Алаш» газеті.
Газет мақаласында аталған қаржысының біраз бөлігі қаржыға жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін пәтер (ең кемі 1000) салу, студенттердің стипендиясын 30 пайызға көтеру, жас ғалымдарға берілетін гранттарды көбейту, 20 жоғары оқу орны мен 180 колледжді жаңғырту, ауылда өз кәсібін ашамын деген жастарға жеңілдетілген несие беру жоспарланған. Бөлінген қаржының қомақты бөлігі, нақтырақ айтсақ 118 миллиарды, осы тұрғын үй салу, оқу орындарын жаңғырту және кәсіпкерлікті дамыту істеріне жұмсалмақ екен.
«Биыл «Zeren–2019» республикалық білімді жастар лагерін ұйымдастыруға – 200 млн,
Шымкентте өтетін еңбек жастары форумына – 50 млн, Қостанайда өтетін Қазақстан-Ресей жастарының ынтымақтастығы форумына тағы да – 50 млн, «Жастар ымырашылдығы» акциясына – 25 млн, сондай-ақ Жас тар жылының жабылуына байла- нысты өтетін іс-шараға 100 млн теңге жоспарланған. Айтпақшы, осы шілде айында өтетін «Ашық Қазақстан» атты жас блогерлер форумының шығынына 200 млн теңге қарастырылған» деп жазады газет.
Биыл қаңтар айында тұңғыш президент Н.Назарбаевтың қатысуымен «Жастар жылының» ресми ашылуы болып, сол жиын Н.Назарбаев үкіметке нақты төрт тапсырма берген еді.
Нарбол Жігітек, арнайы arasha.kz үшін
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024