Көкшетаудағы Науан Хазірет атындағы орталық мешітте екпе салатын орын ашылды.
Бүгін Науан Хазірет Мешітінің бас имамы Сәбит Қуаныш та коронавирус инфекциясының екпесін алды.
«Егер белгілі бір зат ас қорыту жүйесіне ауыз, мұрын сияқты табиғи саңылаулар арқылы енсе, ораза бұзылады. Инъекциялар мен коронавирус вакцинасын енгізу аталған жағдайға жатпайды. Сондықтан COVID-19-ға қарсы вакцинаны қабылдау оразаны бұзбайды», – дейді бас имам.
Сондай-ақ, бас имам атап өткендей, дәрумендер мен қоректік қасиеті бар инъекцияларды қоспағанда емдеу мақсатында қолданылатын инъекцияларға рұқсат етілген.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы екпе егу оразаны бұзбайтындығын айтты. Дегенмен, екпеден кейін адам өзін нашар сезініп, ем алатын болса, бұл оразаны бұзады және осыған орай, рамазан айы біткен соң ораза бұзылған күндерді өтеуге болады.