11-08-22 |
3090 рет қаралған
Көп таяқ жеген балалар есірткіге тәуелді болуы мүмкін.
Көп таяқ жеген балалар есірткіге тәуелді болуы мүмкін

Гарвард ғалымдары баланы ұрып-соғу оның миының дамуына кері әсер ететінін болжады. Күйзеліске көп түскен балалар болашақта есірткіге тәуелді болу қаупі бар.

Гарвард ғалымдарының зерттеу нәтижелері Society for Research in Child Development Journal журналында жариялады.

Онда баланы қорқыту мен қатыгездік таныту – оның миының белгілі бір аймақтарында белсенділіктің артуына себеп болатынын атап өтті. Егер зорлық үнемі қайталанса, бала күйзеліске бейім болады.

Ол өз кезегінде мазасыздықты, депрессияны, мінез-құлық проблемаларын және есірткіге байланысты психоактивті заттарды қолдану (бұл есірткі тізіміне кірмейтін әртүрлі химиялық, биологиялық және дәрілік заттарды теріс пайдалану) қаупін арттырады.

Гарвард ғалымдарының зерттеуіне 10 және 11 жас аралығындағы 147 бала қатысқан. Олар дене жазасын алған, бірақ зорлық-зомбылықтың қатал түрлеріне емес. Балаларға бейтараптықтан қорқынышқа дейінгі әр түрлі эмоцияларды сипаттаған актерлердің бейнелері көрсетілді. Көру кезінде балалардың ми белсенділігі МРТ көмегімен жазылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.