arasha.kz

Коронавирустан 8 адам көз жұмды

Коронавирустан 8 адам қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Түркістан облысында туған 1950 және 1958 жылы туған екі әйел адам, 1962 жылы дүниеге келген ер адам, Шымкент қаласында 1962 жылы туған әйел адам, Нұр-Сұлтан қаласында 1954, 1958 және 1952 жылдары туған үш әйел адам және 1950 жылы дүниеге келген ер азамат коронавирустан көз жұмған.

«Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады» деді министрлік.

Коронавирустан Қазақстан бойынша барлығы 113 адам қайтыс болды.

Exit mobile version