arasha.kz

Короновирус Қытайдың ит-мысық, тышқан, жылан сататын базарларынан тараған

Қытайдың Ухань қаласынан таралған короновирус сол қаладағы теңіз өнімдерін және жануарлардың, яғни ит-мысық, тышқан, жылан сататын базарларынан тараған. Бұл туралы Қазақстанның бас санитары Жандарбек Бекшин (суретте) орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Әуежайларда, Қытаймен шекарада жолаушыларды тексеру қатаң бақылауға алынды. Халықты Қытайға бармауға шақырамыз. Бара қалған жағдайда Хубей аймағы, Ухань қаласына сапарламауға кеңес береміз» деді Жандарбек Бекшин.

Қытайда шыққан жаңа короновирусқа шалдыққандар саны 570 адамға жетті.  Жалпы саны Қытайдың 25 провинциясында 571 жаңадан шыққан короновирусты пневмониясына шалдыққан адам тіркелді. Оның 95 ауыр халде 17 адам қаза тапқан.

 

 

Exit mobile version