Біз
әлеуметтік
желіде
03-06-25 |
360 рет қаралған
Қосшы әкімдігі 53 млн теңгеге күмәнді тендер өткізген.
Қосшы әкімдігі 53 млн теңгеге күмәнді тендер өткізген

2024 жылдың соңында Қосшы қаласының жаңа әкімі Азамат Қапышев мемлекеттік сатып алу заңын бұзып, 53 млн теңгеге күмәнді тендер өткізген. Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Қапышев 11 қарашада әкім болып тағайындалды, ал 25 қарашада жергілікті шенеуніктер депутаттардан бұрын жасалған жұмыстар үшін 53 млн теңге бөлуін сұраған.  Бірақ 20 желтоқсанда әкімдік бұл қарызды өтеудің орнына жаңа тендер өткізіп, 25,5 млн теңгеге басқа мердігерді – «КӨКЖАЛ» ЖШС-ін таңдады. Компания 52% жеңілдік ұсынған.

Тендерде 10 күн ішінде жұмыстарды аяқтау міндеті қойылған, бірақ ол мерзімде мүмкін болмағандықтан, мамырда мерзім келесі жылға шегерілді.

Бұрынғы мердігер жұмысты орындап қойғанмен, оған ақша төленбеген. Енді ол сот арқылы қаражатты өндіріп алуы мүмкін.

Әкім орынбасары Нұрлан Садыровтың айтуынша, олар бюджеттік өтінімді қыркүйекте берген, бірақ қаржы тек желтоқсанда бөлінген. Сондықтан жұмыстарды жаңа тендер арқылы рәсімдеуге мәжбүр болған. Алайда, мемлекеттік сатып алу заңы бойынша, жұмыс мерзімі кемінде 15 күн болуы тиіс. Бұл талап сақталмаған.

Сонымен қатар, Садыров жаңа мердігер тек жол белгілері мен таңбаларын күтіп-баптайды деп түсіндірді. Алайда, бұрынғы мердігердің қолданған бағдаршамдарды басқару жүйесі (қазақстандық АСУДД) енді жаңа мердігерге қиындық туғызып отыр. Енді әкімдік ресейлік «Мегаполис» жүйесіне көшпек.

Мамандар мұндай жұмыстар ашық конкурс арқылы өткізілуі керек деп санайды. Бірақ әкімдік баға ұсыныстары арқылы, яғни ең арзан ұсынысты таңдаған. Бұл жағдай мемлекеттік қаржының тиімді жұмсалмауы мен заң бұзушылықтар күдігін туғызуда.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.