Қостанай облысында су тасқыны жағдайы бойынша жедел штаб отырысы өтті
Қостанай облысында су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуі бойынша жұмыстар жалғасуда. Облас әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен жедел штабтың кезекті отырысы өтіп, онда өзекті мәселелер қаралып, қажетті шешімдер қабылданды.
Қазіргі уақытта өңірде ауқымды іс-шаралар жүргізілуде: суды тәулік бойы сору жұмыстары жалғасуда, соңғы тәулікте 20 мың текше метр су сорылды. Елді мекендерді қорғау мақсатында 12 мың қап құм төселді, 8,7 км арық пен канал тазартылды, жағалауларды нығайту және айналасын қазу жұмыстары жүргізілуде.
Облыстық автожолдарда төрт судың тасуы және екі жол жиегінің шайылу оқиғасы тіркелді. Көлік қозғалысын қалпына келтіру жұмыстары жедел түрде атқарылуда. Ерекше назар судың деңгейі жоғары учаскелерге, соның ішінде Новоселовка ауылындағы Құндызды өзеніне аударылуда. Мұнда жағдай тұрақты бақылауда, ал қажет болған жағдайда эвакуациялық шаралар қабылданатын болады.