Біз
әлеуметтік
желіде
29-06-25 |
390 рет қаралған
Қостанайда орталық қызметкері ерекше балаларға қатыгездік көрсеткен.
Қостанайда орталық қызметкері ерекше балаларға қатыгездік көрсеткен

Қостанай қаласындағы «Аманат и К» жекеменшік оңалту балабақшасында балаларға қатыгездік көрсетіліп, тиісті деңгейде күтім жасалмағаны туралы ата-аналар мәлімдеді. Олар балаларға зорлық көрсету сәттері түсірілген бейнежазбаларды құқық қорғау және бақылаушы органдарға жолдаған.

Ата-аналар бұл мәселе назардан тыс қалуы мүмкін деп қауіптенеді. Өйткені бірнеше күн бұрын прокуратураға, білім бөліміне және білім сапасын қамтамасыз ету департаментіне шағым жіберілсе де, әзірге ешқандай жауап келмеген.

Бейнежазбаларда тәрбиешілердің балалармен дөрекі және күш қолдана сөйлескені көрінеді. Мысалы, төрт жасар Самира Т.-ның оң жақ басынан жабық бас-ми жарақаты, ми шайқалуы мен миға соққы алғаны анықталған. Бірақ балабақшада оған медициналық көмек көрсетілмей, ата-анасын шақырып, өздері алып кетуін сұраған.

Ата-аналар бақылау камераларындағы жазбаларды көріп, мыналарды анықтаған:

-тәрбиешінің көмекшісі балалардың төсегінде ұйықтайды, ал тынығу уақыты 12:30-дан 16:00-ге дейін созылады — бұл тәртіпке қайшы;

-тәрбиешінің көмекшісі баланың басынан теуіп жіберген;

-қызметкерлер мен тәжірибеден өтуші кемі алты балаға күш қолданған.

Сондай-ақ ата-аналар балалардың дұрыс тамақтандырылмайтынын, гигиеналық және күн тәртібінің сақталмайтынын айтқан. Түзету сабағының орнына жиі мультфильм қосылған, ал бұл балалардың диагнозына байланысты зиянды.

Бұдан бөлек, ата-аналар келісім бойынша ай сайын қосымша 55 мың теңге төлеп отырғанымен, уәде етілген қосымша сабақтар өткізілмейтінін айтты.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.