«Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Нұрлан Жақыпов «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жаңа Басқарма Төрағасы — бұрын басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған Талғат Сағиұлы Алдыбергеновті ұжымға таныстырды, деп хабарлады ҚТЖ-ның баспасөз қызметі.
Талғат Алдыбергенов темір жол саласында 35 жылдан астам тәжірибесі бар. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару» мамандығы бойынша үздік бітірген, РХШМҚА-ның экономика магистрі (Ресей) (қызыл диплом), экономика ғылымдарының кандидаты.
Жұмысшы лауазымдарынан топ-менеджментке дейінгі жол:
1992-1998 жылдары-Батыс Қазақстан темір жолындағы жұмыс: тауар кассирі, жүк пен багажды қабылдап-тапсырушы, станция бастығының орынбасары, аға жол коммерциялық ревизоры.
1998-2007 жылдары — «Қазақстан Темір Жолы» АҚ «Фирмалық көліктік қызмет көрсету орталығы» РМК МКД Ақтөбе филиалының басшысы, «Қазтранссервис» МКД директоры, «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі» ЖАҚ көліктік логистика департаментінің директоры.
2008-2019 жылдары — «Кедентранссервис» АҚ президенті, «АвтоГазАлматы» ЖШС Бас директоры, «Kazakhmys Maker» ЖШС басқарма төрағасы.
2024 жылдан — «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.