Біз
әлеуметтік
желіде
12-05-25 |
60 рет қаралған
Құрбан айтта қосымша демалыс беріледі.
Құрбан айтта қосымша демалыс беріледі

Маусым айында Құрбан айт мерекесіне орай қазақстандықтар қосымша демалыс күнін алады.

Биыл Құрбан айттың бірінші күні жұма — 6 маусымға сәйкес келеді. Заң бойынша бұл күн ресми демалыс болып саналады. Осылайша, бес күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтін қазақстандықтар қатарынан үш күн — 6, 7 және 8 маусымда демалады.

Ал алты күндік жұмыс кестесімен істейтіндер үшін демалыс күндері — 6 және 8 маусым. 7 маусым, сенбі — жұмыс күні болады.

Құрбан айт — мұсылмандардың ең маңызды мейрамдарының бірі. Ол Ораза айттан 70 күн өткен соң аталып өтеді. Бұл күні мұсылмандар айт намазын оқып, құрбандық шалады. Сондай-ақ бұл мереке қажылықтың аяқталуымен тұспа-тұс келеді.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.