Біз
әлеуметтік
желіде
25-06-25 |
240 рет қаралған
Күзде жеке адамдардың ақша аударымдары бақылауға алынады – үкімет.
Күзде жеке адамдардың ақша аударымдары бақылауға алынады – үкімет

Банктер мобильді аударымдары күмән тудыратын қазақстандықтар туралы мәліметтерді салық органдарына бере бастады.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Мәжіліс кулуарында мобильді аударымдарды бақылау жүйесінің жаңа ережесі қалай жұмыс істейтінін айтып берді. Жаңа ереже 1 қыркүйектен бастап күшіне еніп, жұмыс істей бастамақ.

Оның айтуынша, екі айдан кейін елде жаңа өлшем енгізіледі – 1 миллион теңгелік шек.

Қарапайым тілмен айтқанда: егер сіз үш ай қатарынан 100 адамнан аударым алып, бұл соманың жалпы көлемі 1 миллион теңгеден асып кетсе, онда мемлекет келіп: «Бұл ақшалар қайдан келді?» деп сұрайды.

Бұл жаңалық көлеңкелі бизнесті анықтауға бағытталған, ал банктер салық органдарына осындай күдікті мобильді операциялар туралы ақпарат беруді бастап кетті.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.