Біз
әлеуметтік
желіде
20-05-25 |
140 рет қаралған
Қырымбек Көшербаев 70 жасқа толып отыр.
Қырымбек Көшербаев 70 жасқа толып отыр

Қырымбек Көшербаевтың кеңесшісі болған саясаттанушы Артур Нығметов фейсбуктегі парақшасында Қырымбек Елеуұлының мерейлі 70 жасқа толуына орай өз ойымен бөлісті.

Бүгін, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым Қырымбек Елеуұлы Көшербаев мерейлі 70 жасқа толып отыр.

Оның есімі елдің келбетін түбегейлі өзгерткен білім, ғылым және тарихымызды түгендеу бағытындағы тың бастамалармен тығыз байланысты.

Саналы ғұмырын елдің дамуына арнап, еңбекқор һәм табандылығынан таймаған Қырымбек Елеуұлы – кәсіби шеберлігі жоғары, нағыз перфекционист.

Қырымбек Елеуұлы басшы ретінде талапшыл, қатал болғанымен, әділдіктен тайған емес. Мұны тектілік пен адамгершілікті басты құндылық санаған әулеттегі тәрбиеден деп деп білемін.

Ол креативті көзқарасымен танылған талантты жастарға әкелік мейірін төгіп, қолдау көрсетті. Олардың оқып, дамуына, кәсіби көкжиегін кеңейтуіне әрқашан жанашырлықпен қарап, қамқорлығын аяған емес. Елеуұлымен бірге еңбек еткен жылдары темірдей  тәртіп пен нақты нәтиже дегеннің не екенін ұғындым.

Қырымбек ағамыздың ел алдындағы еселі еңбегінің тағы бір маңызды бір бағытын ағартушылықпен сипаттауға болады. Ол Гарвард, Оксфорд, Кембридж университеттерінің оқулықтары және Нобель сыйлығы лауреаттарының әлемдік деңгейдегі туындылары қазақ тіліне аударылуына ұйтқы болды. Бұл үлкен іс қазақстандықтардың жаңа буынына сыни ойлауды қалыптастыруға ықпал етті.

Тарихи жадыны жаңғыртып, ұмытылған тұлғаларды түгендеу ісінде де Көшербаев көшелілік танытты. Ол – қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуында маңызды рөл атқарған «Алаш» қозғалысының саяси мұрасын қайта жаңғырту бастамасының авторы. Бұл бастама Ұлы даладағы «Алтын Ордада» қазақ ұлтының қалыптасуындағы орнын қайта пайымдаумен ұштасты.

Саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрылуы тарихи әділдікті қалпына келтіру мен ұлттық жаңғыру жолындағы маңызды қадам болды.

Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мазмұнын байытып, оны «Ұлттық рухани жаңғыру» деңгейіне көтерді. Бұл іс Қазақстанның рухани-мәдени құндылықтарын нығайтып, берік әрі өзіндік келбеті бар ұлт қалыптастыруға бағытталған стратегиялық жобаға айналды.

70 — жай ғана жас емес. Бұл – Қырымбек Көшербаевтың мемлекет қайраткері ретінде кемеліне келгенінің, еліне адал қызмет етіп, оның гүлденуіне бар күш-жігерін жұмсағанының айғағы. Оның өмір жолы мен қоғамдық қызметі – бұл келешек Қазақстанның іргетасын қалайтын идеялар мен жетістіктердің айқын көрінісі. Оның жобалары – қағаз жүзінде қалмай, жоғымызды түгендеу жолындағы нақты іске ұштасты.

Өткеннің мызғымас іргетасына сүйенген еліміздің болашағы оның есімімен тығыз байланысты боларына сенім мол.

Өз басым Қырымбек Елеуұлының жанында жүріп көп нәрсе үйрендім. Мені үлкен мектептен өткізіп, әкелік қамқорлығын аямаған Қырымбек Елеуұлының алдында басымды иемін!

Ғұмырлы болыңыз, қымбатты Қырымбек Елеуұлы!

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.