Біз
әлеуметтік
желіде
13-05-25 |
1450 рет қаралған
Қызылорда облысында келін енесін балағаттағаны үшін сот арқылы жазалады.
Қызылорда облысында келін енесін балағаттағаны үшін сот арқылы жазалады

Қызылорда облысы Қазалы ауданында отбасылық жанжал сотқа дейін жетті — енесі келінді балағаттаған, ал келін оған қарсы сотқа шағымданып, жеңіп шықты.

Әйелдердің арасындағы әңгіме тез арада жанжалға ұласып, енесі келінді бейәдеп сөздермен қорлаған. Жәбірленушінің айтуынша, айтылған қорлық сөздер соншалық ауыр тиген, ол заң көмегіне жүгінуге бел буған.

Іс материалдары бойынша, ененің кінәсі толығымен дәлелденіп, оған ҚР ӘҚБтК 73-бабының 1-бөлігі — «Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер» бойынша әкімшілік жауапкершілік жүктелді. Нәтижесінде оған ескерту түрінде жаза тағайындалды.

Бұған дейін көкпар кезінде қарсыластарына тіл тигізгені үшін төрт қазақстандыққа айыппұл салынған еді.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.