Нұржан Әлтаевқа қатысты іс бойынша алдын ала тыңдалым басталды.
Бұл туралы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Оған ҚК 366-бабының 4-бөлігі, яғни аса ірі мөлшерде ақшалай пара алды деген айып тағылды.
Нұржан Әлтаев 2018 жылдың ақпанынан 2020 жылдың шілдесіне дейін «Атамекен» ҰКП мүдделері үшін тиімді ресми шешім қабылдауға ықпалдасып, делдал арқылы Абылай Мырзахметовтен пара ретінде жалпы сомасы 50 млн теңгеден астам (115 мың доллар және 8 млн 150 мың теңге) ақшалай қаражат алды деп айыпталуда – делінген хабарламада.
Қылмыстық іс 15 томнан тұрады, іс бойынша 18 куәгер куәлік беріп жатыр.
Arasha.kz
ФОТО: tengrinews.kz