Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері туралы, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгеріс енгізу туралы заң жобаларының таныстырылымы өтті.
Жұмыс тобының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев заң жобасы аясында бірқатар жұмыс атқарылғанын айтты. Түзетулерге Мәжілістегі барлық фракция өкілдері бастамашы болды. 2 кодекс пен 7 заңға 50-ден астам өзгеріс енгізілді. Депутат Мемлекет басшысы тапсырмасын орындау мақсатымен лудоманиямен күрес жөніндегі заң жобасын осы сессияның соңына дейін қабылдау қажет екеніне тоқталды.
Заң жобасында не қамтылған?
– ойын бизнесіне қатысушыларды оның жағымсыз салдары, тәуекелдері мен зияны туралы міндетті түрде хабардар ету;
– құмар ойындарға қатысу жасын 25 жасқа дейін ұлғайту;
– мәліметтері борышкерлер тізілімінде бар жеке тұлғалардың ойынға қатысуына тыйым салу;
– құмар ойындарға камелет жасқа толмаған және құмар ойындарға қатысуы шектелген адамдарды тартқаны үшін заңды тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік, сондай-ақ онлайн-казино ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жаза белгілеу;
– букмекерлік кеңселер мен лотереяларға арналған жарнаманы орналастыру мен таратуға қойылатын талаптарды күшейту;
– лоторея терминалдарын елге әкелуге және тұрғын үйлерге, дүкендерге, медициналық және білім беру ұйымдарына орнатуға тыйым салу;
– Ойын бизнесін ұйымдастырушыларды ақпараттық және қаржылық жүйелерін мемлекеттік кірістер органдарының аппараттық жүйелерімен біріктіруге міндеттеу.
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024