Елордалық еріктілер қала көшелерінде іс-шара өткізіп, өтіп бара жатқан адамдарға құмар ойындарға тәуелділіктің қаупі мен қолжетімді көмек туралы парақшалар таратты.
«Астана Жастары» еріктілері іс-шараны халық көп жүретін «Астаналық» базарында өткізді. Мақсаты – елорда тұрғындарын лудомания проблемалары, оның салдары және көмек алудың қолжетімді жолдары туралы ақпараттандыру.
Өтіп бара жатқандарға құмар ойындарға тәуелділіктің белгілері туралы ақпарат жазылған парақшалар таратылды.
Патологиялық құмар ойындарға тәуелділіктің түрлері және оның негізгі белгілері туралы айтылады. Құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу бойынша ұсыныстар берілген. Парақшада құмар ойынға тәуелділердің ең көп бөлігі 18 бен 30 жас аралығындағылар екені атап өтілген.
Ең маңызды бөлімдердің бірі лудоманияға тәуелділіктен көмек алу мүмкіндігі туралы хабарлайды. Астаналықтарға қалалық психикалық денсаулық орталығына немесе республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының mentalcenter.kz сайтына хабарласу ұсынылады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл шараның қоғамды ақпараттандыруға, қайдан көмек алуға болатынын және тәуелділіктен қалай құтылуға болатынын білетін қоғам құруға бағытталған.
«Бүгін біз адам көп жиналатын орындарда ақпараттық брошюралар тараттық. Акция барысында еріктілер ойынға тәуелділік, оның салдары және көмек алудың қолжетімді жолдары туралы 500 буклет таратты. Биыл құмар ойындарға тәуелділікпен күресу бойынша алғашқы акциямызды өткіздік, бұған дейін де «Жарқын болашақ» жобасы аясында осындай акцияларды өткізген болатынбыз, – дейді «Астана жастары» маманы Олжас Амангелді.