Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова әлеуметтік желілерде халықтың отставкаға кетсін деген талабына қатысты түсініктеме берді.
Журналистер министрден отставкаға кету туралы сұрады.
«Ең күрделі мәселелер біздің министрлікке қарайтындықтан, сынды жиі естиміз. Ең бастысы, біз осы сыннан ой түйіп, қорытынды жасаймыз, жағдайды жақсартуға тырысамыз. Алдағы уақытта мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылданады», – деп сендірді Әбілқасымова.
Айтуынша, жергілікті жерлерде жедел штабтар құрылып, олар көп балалы отбасылардың неге мұқтаж екенін анықтап, олардан ұсыныстар жинап жатыр.
«Барлық ұсыныс жұмыс тобында қаралады. Жұмыс тобының кезекті отырысы осы бейсенбіде өтеді деп жоспарланды. Оған жұртшылық өкілдерін, сарапшыларды шақыру ойымыз бар. Жұмыс тобында әлеуметтік қолдауды жақсарту мен мемлекеттік қолдауға мұқтаж отбасыларды қорғауға қатысты кешенді шешімдер ұсынылады деген ойдамын», – деді министр.
Ол қазіргі таңда әртүрлі бағыт бойынша көптеген ұсыныс түскенін атап өтті. Олар атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді жақсарту, жәрдемақы мөлшерін қайта қарастыру, баспана қолжетімділігі мәселелері.
«Тиісті есептеулер дайындалып, анализ жүргізіліп жатыр, барлығы жұмыс тобына шығарылады», – деді Әбілқасымова.
Естеріңізге сала кетейік, бір отбасындағы бес баланың өмірін жалмаған өрт Астанада Көктал-1 ауданында болды. Апалы-сіңлілі бес қыз түнде үйде жалғыз қалған, ата-анасы жұмыста болыпты. Өрт салдарынан 2006, 2009, 2014, 2016 және 2018 жылдары туған бес бала көз жұмды.
Дереккөз: sputniknews.kz
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024