08-05-19 |
3610 рет қаралған
Мұстафа Шоқай поляк тыңшыларына қызмет еткен бе?.
Мұстафа Шоқай поляк тыңшыларына қызмет еткен бе?

6 мамыры күні Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты «Екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақтар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. Конференцияға arasha.kz тілшісі де қатысып қайтқан еді.

Конференцияда екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақтардың тағдыры, оның зерттелуі жайлы ғалымдар өз ойларын ортаға салды. Мәселен, тарихшы Айжан Қапаева «П.Беленнің еңбектеріндегі соғыс тарихы» деген тақырыпта баяндама жасады. Баяндамашы орыс тарихшысының Түркістан легиондарына қатысты көзқарастарына да тоқталды. Осы орайда орыс тарихшысының «түркістан легионы сапында болғандардың бәрі сатқын» деген ұстанымына конферецияға қатысушы тарихшылар күмәнмен қарау керек десті. Баяндамашының өзі де бұл Беленнің көзқарасы екенін, көптеген жаңа мұрағаттар ашылып жатқанын тақырып болашақта әлі де зерттелетінін алға тартты. Сөз болған тақырыпқа тарихшы Қайдар Алдажұманов өз пікірін айтты. Тарихшының сөзіне қарағанда, 1923 жылдан бастап Мұстафа Шоқай, башқұрттың Ахмет-заки Уалиди бар бәрі поляк тыңшыларына вербовкамен қызмет еткен.

Оның айтуынша, поляктардың арнайы қызметінде Мұстафа Шоқайдың жеке іс қағаздары болған.

«Онда Мұстафаның өз қолымен жазған есеп беру қағаздары бар. 1923 жылдан бастап Мұстафа Шоқай, башқұрттың Ахмет-заки Уалиди бәрі поляк тыңшыларына вербовкамен қызмет еткен. Поляктардың тыңшыларының артында ағылшындардың барлаушылары тұр. Сонда Мұстафа Шоқайдың өз қолымен жазған есептері бар. Екеуінің әрбірінің кураторы бар ақша беретін. Олар есеп беріп, тапсырманы қалай орындағанын жазып отырған. Арасында  Ахмет-заки Уалиди екеуі бірін-бірі жамандап, «анау ақшаны жеп қойды, өзіне жұмасады» деп бір-бірін қаралайды. «Прометей» деген қоғамды поляктың барлаушылары құрған екен. Ахмет-заки Уалидиге ақша беріп «Яш-Туркестан» деген журнал шығартқызады. Журналға Мұстафа Шоқай редактор болады. Осылайша 1939 жылға дейін қызмет еткен. 1940 жылы Германия әскері Францияға басып кірген кезде париждегі Мұстафа Шоқайды ағылшындардың барлаушысы деп алып кетеді, 1941 жылы тұтқынға мыңдаған совет адамдары түскен кезде оны лагерге жіберген. Немістер  өз жерлерінде лагер ашпаған, Польшаның териториясында ұстаған тұтқындарды. Сонда 90 мыңдай Орта Азия халықтары қамауда болған. Варшаваның маңында «Түркістан легиондары» деп қазақтарды, өзбектерді, қырғыздарды Кеңес үкіметіне қарсы дайындаған. Мұстафа Шоқайды сонда апарған»,- дейді тарихшы.

Сонымен қатар ол, Мұстафа Шоқайды сатқын деп қарайтын кейбір тарихшылар оның осындай құжаттарын көріп қойған болуы мүмкін деген ойын білдірді.

Естеріңізге салсақ, кейінгі жылдары Алаш қайраткері, мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың тарихи тұлғасын қаралау белең алды. Мәселен, өткен қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан Шоқайдың тұлғасын қаралап, әлеуметтік желіде жазба жазған екі адамды сотқа бергенін хабарлаған еді.

Мұхтар Тайжан Мұстафа Шоқайды “фашист” деп қорлағандарды сотқа берді

ЕСКЕРТУ: Мақалаға қатысты өз ойын айтам деуші тарихшылар болса, arasha.kz жариялауға дайын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.