07-03-24 |
10940 рет қаралған
Маңғыстау облысында ашынған жедел жәрдем жүргізушілері наразылық акциясын өткізді.
Маңғыстау облысында ашынған жедел жәрдем жүргізушілері наразылық акциясын өткізді

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының ғимаратына облыстық жедел жәрдем және жедел медициналық жәрдем станциясының (103) жүргізушілері жиналды. Олар жаңа басшылыққа жүгініп, жалақыларын көтеруді талап етті.

Ақтауда ашынған 70-ке жуық қызметкер наразылық акциясына шықты. Олардың көпшілігі жалақының қысқартылып жатқанын айтты, деп жазды Orda телеграм каналы.

«110 мың теңге жалақыға қалай өмір сүруге болады? Бұл ақша тіпті коммуналдық қызметке де жетпейді. Бұл ақшаға олар өздері өмір сүре ала ма? Ай сайын басшылық 30 000, 50 000 теңгені қысқартады», – дейді наразылық акциясына қатысушылардың бірі Батырғали Көшпенов.

Жұмысшыларды кәсіподақтардың белсенділігінің төмендігі де алаңдатады. Ақтауда жедел жәрдем қызметкерлері үшін «Ақниет» және «Сенім» кәсіподақ ұйымы құрылған. Бірақ наразылық білдірушілер бұл ұйымдардың тек туыстары мен жақын достарына көмектесетінін айтады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.