Президент 2021 жылдың 1 шілдесінен еңбекақы төлеудің факторлы-баллдық шкаласын енгізуді тапсырды. Мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру – мемлекеттік қызметті реформалаудың және мемлекеттік басқарудың жаңа моделін құрудың басым бағыты.
Осы мәселенің маңыздылығын ескеріп, Астана мемлекеттік қызмет хабы Қазақстанның корпоративтік секторының жетекші HR менеджерлерін тарта отырып, «Еңбекке ақы төлеу және ынталандыру» тақырыбында тренинг ұйымдастырды. Бұл тренинг Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттік қызметшілеріне арналған бес айлық арнайы онлайн оқыту бағдарламасы аясында өткізілді.
Нәтижелер негізінде еңбекақы төлеу жүйесін енгізу бойынша өздерінің табысты тәжірибесі және білімімен «Қазақстан HR менеджерлері республикалық қауымдастығы» ҚБ Үйлестіру кеңесі төрайымы Гүлмира Раисова, Менеджмент және көшбасшылық саласындағы сарапшы Ирина Туралиева, «ForteBank» АҚ-ның атқарушы директоры Айнұр Кошоева бөлісті. Айнұр Кошоева қазіргі уақытта «Fortebank» АҚ-ында енгізіліп жатқан грейд жүйесін енгізудің қыр-сырын баяндады.
Сарапшылардың пікірінше сыйақы, жеңілдіктер, тепе-теңдік сияқты элементтерді қамтитын жиынтық ынталандыру жүйесі «жұмыс-өмір», бағалау және марапттау, даму және мансаптық мүмкіндіктер – мекеменің жалпы стратегиясына байланысты. Бәсекеге қабілетті базалық еңбекақы – жұмыс орнына тартудағы шешуші фактор.
Соңғы жылдары корпоративті сектор – HR инновацияларын, әсіресе жалдау, жалақы жүйесіне, корпоративті оқыту және персоналды басқарудың басқа салаларына енгізуде көшбасшы. Мысалы, «Самұрық-Қазына» АҚ-ында жалпы кадрлық қызмет көрсету орталығы (HR Qyzmet) өз тиімділігін көрсетті, ал «ҚТЖ» ҰК » АҚ-ында 10-нан астам ірі жаңа HR жобасы енгізілген.
Тренинг мемлекеттік қызметтегі адами ресурстарды жаңа жағдайда басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған. Оған Қазақстандық мемлекеттік қызметшілерімен қатар Қырғыз Республикасы Мемлекеттік кадр қызметі және Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызметті дамыту агенттігінің қызметкерлері қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, Астана мемлекеттік қызмет хабы сараптамалық қолдауымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі факторлық-балдық шкала негізінде мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа моделі жобасын әзірленген. Қазіргі уақытта Хаб мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесіне халықаралық шолу жасауды аяқтады, зерттеу Қазақстанның мемлекеттік органдарына ұсынылады.
Астана мемлекеттік қызмет хабы мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін көтеру мен қазіргі жағдайда олардың қызметі тиімділігін арттыру құралдарын іздеуге бағытталған мемлекеттік органдардың күш-жігерін қолдау бойынша жұмысын жалғастыруда.