Біз
әлеуметтік
желіде
09-05-25 |
110 рет қаралған
Мемлекеттік сатып алу ережесі мамыр айының соңына дейін өзгеруі мүмкін.
Мемлекеттік сатып алу ережесі мамыр айының соңына дейін өзгеруі мүмкін

Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов хабарлады.

«Бүгінде мемлекеттік сатып алуларды жүргізу ережелеріне (2024 жылғы 9 қазандағы №687 Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген) өзгерістер әзірленді. Өзгерістерге келесі бағыттар кіреді: жеке (жекеменшік) жұмыс тәжірибесін алып тастау (тек мемлекеттік сатып алулар аясында орындалған жұмыс тәжірибесі ескеріледі); қосалқы мердігерлер санына байланысты жұмыс көлемін бөлуді талап ету; жеткізушінің орындаған жұмысы (жұмыс тәжірибесі) конкурс тақырыбына кемінде 70% сәйкес келуі талап етіледі. Бұйрық жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер интернет-порталында көпшілік талқылауға орналастырылды және тиісті сараптамаларға жіберілді. Аталған бұйрық биылғы жылдың мамыр айының соңына дейін қабылданады», – деді Бектенов Сенат депутаттарының сауалына жауап бере отырып.

Ол Үкімет мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.