фото: М.Қойгелдиевтің кітабының мұқабасы
Бүгін Алматыда белгілі тарихшы, профессор Мәмбет Қойгелдиевтің «Мен өзімді мүлде кінәлі деп санамаймын» атты кітабының тұсаукесері болды.
Кітап ХХ ғасырдың 1960-80 жылдары совет одағына ашық қарсы шығып, қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың тергеу немесе сот материалдарының жинағы. Тұсаукесерде тарихшы Қойгелдиев: «Бұл – қазақ қоғамында қашанда советтік режимге қарсы күрестің болғанын, оның үзілмегенін дәлелдейтін құжаттар» деді.
Кітапта диссидент Махмет Құлмағамбетовтің, Хасен Қожа-Ахметтің, Азамат Жәкібаевтың қуғынға ұшыраған кездеріндегі материалдар бар. Зертеудегі көп құжат КСРО Бас прокуратурасы мұрағатынан алынған.
-
17.11.2024
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024