Біз
әлеуметтік
желіде
18-05-25 |
80 рет қаралған
Мені елден ығыстырып шығарды. Ермек Тұрсынов Қазақстаннан кету себебін айтты.
Мені елден ығыстырып шығарды. Ермек Тұрсынов Қазақстаннан кету себебін айтты

Белгілі қазақстандық режиссёр елден кету себептері туралы Facebook парақшасында жазды.

«Бұл, әрине, көңілсіз жайт, бірақ басқа жол көріп тұрған жоқпын. Шындықты айтсақ, мені елден жай ғана ығыстырып шығарды», – деп жазды Тұрсынов.

Ол әр жылдары Қазақстанда мәдениет министрі болған тұлғалардың қызметін еске алып өтті. Атап айтқанда, Ақтоты Райымқұлова тағайындалған кездегі жағдайды, бұрынғы ақпарат министрі Дәурен Абаев пен Асхат Ораловтың жұмысына қатысты пікір білдірді.

Режиссёр «Бесмойнақ» пен «Келін» фильмдерінің прокатқа шығуына тыйым салынғанын, барлық фильмдерін Антикор тексергенін, продюсер Қанат Төребайдың үйінде тінту жүргізілгенін еске салды.

«Маған қарсы ақпараттық кампания ұйымдастырылды. Интернетте менің қандай жаман адам екенімді, ұры, жемқор, дарынсыз екенімді жазып жатты. Ешкімге керегі жоқ фильмдер түсіреді, ешкім оқымайтын кітаптар жазады деп айыптады. Тіпті он жылдан бері артық өмір сүріп жүр деген сөздер де айтылды… Менің фильмдеріме миллиардтаған қаражат жұмсалды деп жазды. Ал шын мәнінде, барлық фильмдерімнің жалпы бюджеті бір ғана «Томирис» фильмінің жартысына да жетпейді. Ал «Қазақ хандығынан» төрт есе аз», – деді ол.

Тұрсынов өзінің қатысуымен өтетін іс-шараларды ұйымдастыруда қиындықтар туындағанын айтып, «бұл елде өмір сүру қауіпті бола бастады, тыныс алатын мүмкіндік қалмады» деп қосты:

«Енді әрбір қадамым дені дұрыс емес реакция туғызады. Кино түсіруге мүмкіндік бермей жатыр. Ал кітаптар туралы айтсам, оларды жай ғана сыйға тарту үшін Ақордаға қоңырау шалуға мәжбүрмін».

Режиссёр елден кетуін 1998 жылы бастан өткерген жағдайға ұқсас бейберекет дау-жанжалдарға араласқысы келмегенімен түсіндірді.

«Байқап қараңыздаршы, ой елегінен өткізіңіздер: бізде абсурд – қалыпты нәрсеге айналып барады. Ал қалыпты нәрсе – таңғажайып болып көрінеді. Бұл бұлай жалғаса бермейді. Бірдеңе жасау керек», – деп қорытындылады ол.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.