#менояндым хэштегі бойынша флэшмоб әлі жалғасып жатыр. Белсенді топ кезекті видеоролигін түсірді. Аталған хэштег бойынша қазіргі инстаграм әлеуметтік желісінде жазба қалдырғандар саны 10 мыңға жуықтап қалды.
Флэшмоб ұйымдастырушысы Әнуар Нұрпейісовтен алда келе жатқан президенттік сайлау туралы сұрағанымызда вилеоролик түсіруді жалғастыратындықтарын және өз пікірін сол роликтердің бірінде жариялайтындығын айтқан болатын.
Әнуар Нұрпейісов: «Халықтың пікірімен санаспайтын билік бізді өзі оятты»