Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі мониторинг аясында жартылай стационар жағдайында зейнеткерлерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына және Қызылорда қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына барды.
Сапар барысында әлеуметтік мекемеде қариялардың азық-түлікпен, оның ішінде диеталық тағаммен дұрыс қамтамасыз етілмеуі, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектің сақталуы сияқты бірқатар заң бұзушылықтар анықталды.
Уәкіл өкілі тиісті мемлекеттік органдарға анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсынымдар жіберді. Қазіргі уақытта барлық ескертулер жойылып, орталықтың директоры мен 4 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының қаулысымен орталықтың лауазымды тұлғасына 129 220 теңге айыппұл салынды. Қазіргі уақытта айыппұл толығымен төленген.
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024