22-08-24 |
5370 рет қаралған
Микроқаржы ұйымдары биометриялық сәйкестендіруді қолданатын болады.
Микроқаржы ұйымдары биометриялық сәйкестендіруді қолданатын болады

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Басқарманың «Электрондық тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 217 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2024 жылғы 16 тамыздағы № 58 Қаулысын қабылдады.

Қаулыда микроқаржы ұйымдарын (бұдан әрі – МҚҰ) биометриялық сәйкестендіруді жүргізу кезінде суреттерді немесе алдын ала жазылған бейнероликтерді пайдаланудан қорғауды қамтамасыз етуге міндеттейтін нормалар енгізілген. Қызметтерді қашықтан көрсету кезінде МҚҰ  клиенттерді биометриялық сәйкестендіру мен электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдануға міндетті болады.

Күшейтілген биометриялық сәйкестендіруді және электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану үйлесімі азаматтарды заңсыз ресімделген кредиттерден қорғауға мүмкіндік береді.

Микроқаржы ұйымдарында клиенттің дербес деректерін заңсыз тарату туралы ақпарат болған жағдайда, олар клиентке ұялы байланыс нөмірінің тиесілілігін қосымша тексеру, қайтадан биометриялық сәйкестендіру, сондай-ақ клиентке кредиттер беруден ерікті түрде бас тартуды белгілеу туралы ұсыныс жасауға міндетті болады. Бұл ұрланған клиент деректерін пайдалану арқылы алаяқтықтың алдын алуға мүмкіндік береді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.