16-06-21 |
1020 рет қаралған
«Министр кетсін»: Елімізде мүгедектер баспана кезегі жетпей қайтыс болып жатыр.
«Министр кетсін»: Елімізде мүгедектер баспана кезегі жетпей қайтыс болып жатыр

Қазақстандағы мүгедектігі бар азаматтардың 70 пайызында баспана жоқ. Жылдап кезекте тұратындардың ішінде өмірінің соңына дейін баспана алмай кететіндер де бар екен.

Үкімет бұл топтағы азаматтарға мемлекеттік бағдарламаға қатысуға мүмкіндік берген. Алайда 30-40 мың жәрдемақыға қарап отырған мүмкіндігі шектеулі адамдардың ипотекалық несие рәсімдеуге қаражаты жетпейді. «Қазақстанда құқығымыз әбден тапталып бітті» деген топ енді үкіметке өздерінің құқықтарын қорғайтын омбудсмен тағайындау керек деген талап қойды. Бұл туралы Информбюро» жаңалықтар бағдарламасы.

“Біз баспана мәселесін тұрғын үй төлемі арқылы шешуді ұсынып отырмыз. Дамыған елдер мұқтаж азаматтарға тек үй беріп емес, төлем арқылы да көмектеседі. Ал бізде мұндай ақша полицейлер мен әскерилерге беріледі”, – деді белсенді Болатбек Біләлов.

“Отбасында ауру баласына қарап отырған анасы, әжесі, ағасына тек қана жәрдемақы емес, одан бөлек жұмыс өтілін заң жүзінде енгізуіңізді өтінемін. Өйткені зейнетке шыққан кезде зейнетақы қарастырылмаған”, – деді құқық қорғаушы Ғазиза Әмірбек.

Жиналғандар мүмкіндігі шектелгендердің жыл сайын аурухана аралап мүгедектігін дәлелдеуін де тоқтату керек дейді. Денсаулығы қайтып қалпына келмейтіндер үшін бұл қағазбастылықтың еш қажеті жоқ. Ал мүгедектігі барлардың мәселесін шешпек түгілі кездесуге де шықпайтын министр Серік Шәпкеновты жұмыстан босату керек деген талап айтты.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.