Білім вице-министрі Наталья Жұмаділдаева Қазақстанда жыныстық тәрбие бойынша бөлек сабақ қажет емес деп санайды. Бұл бағыттағы барлық сұрақтарға баланың ата-анасы жауап беруі керек.
Жұмаділдаеваның пікірінше, тәрбие – бұл өзара процесс және балаға ең алдымен анасы немесе әкесі жеткізуі керек нәрселер бар.
«Бүгінгі таңда биология пәні аясында, басқа пәндер аясындағы білімге қатысты барлық сұрақтарды сынып жетекшілері де сынып сағаттарында жеткілікті түрде шешуде. Бірақ пәнді енгізетіндей қажеттілік жоқ, біз мұны істей алмаймыз. Өйткені олар бізде адам анатомиясы зерттелетін оқу пәндерімізден өтеді», – деді вице-министр.
Наталья Жұмаділдаева жыныстық тәрбие ата-ананың міндетіне қарайтынын баса айтты. Сондықтан, министрлік ата-аналармен балаларын тәрбиелеу үшін профилактикалық жұмыстарды жалғастырмақ.
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024