Біз
әлеуметтік
желіде
19-06-25 |
180 рет қаралған
«Мисс Қазақстан» байқауына трансгендерлер де қатыса алады.
«Мисс Қазақстан» байқауына трансгендерлер де қатыса алады

18 маусымда өткен баспасөз мәслихатында Miss Qazaqstan қоғамдық қорының директоры Айжан Рузаева «Мисс Қазақстан» байқауына трансгендер адамдар мен дене бітімі ерекшелеу арулар да қатыса алатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлады.

Байқаудың финалы биыл күзде Алматы метросында өтеді.

«Plus size арулар қатыса алмайды дегенді кім айтты? Біз мұндай қатысушыларды қуана қарсы аламыз. Біз бәрін күтеміз. Мейлі ол трансгендер болсын, мейлі plus size болсын – бұл еркін таңдау. Егер адам өзін солай сезінсе, қатыса алады. Біз бәріне ашықпыз. Егер plus size қыз келіп, әдемі, харизматикалық, жарқын болса, оны да қарастырамыз. 90-60-90 өлшемдері баяғыда-ақ ұмыт болған, – деді Айжан Рузаева.

Дәстүрлі түрде байқау финалына еліміздің 15 өңірінен келген арулар қатысады.

Финал 30 қараша күні түнгі 23:00-де Алматы метросындағы «Мұхтар Әуезов театры» станциясында өтеді. Мұндай кеш уақытты ұйымдастырушылар жолаушылар қозғалысына кедергі келтірмес үшін таңдаған. Байқау жабық форматта өтеді, билет сатылмайды. Финалды тек арнайы жіберілген аты-жөні жазылған шақыртулармен ғана көруге болады. Іс-шараны шамамен 90 адам тамашалай алады, олардың қатарында блогерлер мен журналистер бар. Қалған көрермендер байқауды ресми онлайн трансляциялар арқылы көре алады.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.