2024 жылғы наурызда тұтыну бағаларының айлық индексі баяулап, 0,7% құрады (осы жылғы ақпанда – 1,1%). Бұл туралы Статистика бюросы хабарлады.
ТБИ құрылымындағы өсім:
– ақылы қызметтер – 1,1%
– азық-түлік тауарлары-0,6%
– азық-түлік емес тауарлар-0,5%
Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Павлодар облысында – 2,1% (орташа республикалық деңгейден 1,4 п.т. жоғары), ең төменгі Түркістан облысында тіркелді – 0,2%.
Жылдық мәнде ақпан айының инфляциясы 9,1% құрады.
ТБИ құрылымында бағаның көтерілуі:
– ақылы қызметтер – 13,2%
– азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 8,2%
– азық-түлік тауарлары – 6,9%.