Біз
әлеуметтік
желіде
27-05-25 |
450 рет қаралған
Назарбаев мектебінде тағы шу шықты: оқушы мұғалімді боқтаған.
Назарбаев мектебінде тағы шу шықты: оқушы мұғалімді боқтаған

Алматыдағы НЗМ-де дау шықты: 11-сынып оқушысын 23 мамыр күні емтихан кезінде телефон қолданғаны және мұғалімді балағаттағаны үшін мектептен шығарып жіберді.

НЗМ төрағасы Ануар Жанғозиннің айтуынша, оқушы сабақ үстінде мұғалімді «Ш» әрпінен басталатын сөзбен балағаттаған. Бұл тәртіп бұзу фактісі ресми түрде тіркелген және оқушының бұл бірінші тәртіпсіздігі емес. Оны мектептен шығару туралы шешімді педагогикалық кеңес қабылдаған.

Алайда Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова бұл жағдайды әділетсіз деп бағалады. Ол әлеуметтік желіде мектеп басшылығын баланың құқықтарын бұзды деп айыптады:

«Мектеп оқушысын 23 мамырда қалай шығарып жіберуге болады? Ол енді қайда барады?» – деп жазды депутат. Оның айтуынша, мектептер – білім беру мекемесі, жазалау орны емес.

Жанғозин бұған жауап ретінде мұғалімге деген құрмет – мектептің басты құндылығы екенін атап өтті. Сондай-ақ оқушыны басқа мектепке ауыстыру мәселесі шешілгенін хабарлады.

Фото: НЗМ

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.