Алматы метросының баспасөз қызметі портреттің жақтауы мен әйнегі шағылғандықтан алынғанын айтты. Портретті қайта іле ме, жоқ па – белгісіз.
Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті ол жерде 2011 жылдың желтоқсан айынан бері – метро ашылған уақыттан бері ілініп тұрған.
Портрет суретшілер Ғазиза Ешкенова мен Айдар Жамханның витраждық панносының бет жағында туындыларды ішінара жауып тұрған. Қазір панно толық ашылған.