«Транстелеком» АҚ директорлар кеңесінің құрамы сайланды. Оны Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені – Нұрәли Әлиев басқарады. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының ресми сайтында хабарланды.
Ол алғаш рет 2016 жылғы 4 тамыздағы акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен компанияның директорлар кеңесінің құрамына сайланды.
Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған «Транстелеком» АҚ (Астана) KASE-ге компанияның директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысының 2023 жылғы 25 шілдедегі шешімімен сайланғанын хабарлады, – делінген хабарламада.
Кеңес құрамына: Әлиев Н.Р.; Покупателев Д.А.; Өтемұрат Б.М.; Гумаров Э.М.; Ахметжанов А.М.; Аниховский В.А.; Ибраимов К.У.
Құжатта, шешімге сәйкес Нұрәли Әлиевтің директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланғаны көрсетілген.
Arasha.kz
ФОТО: peoples.ru