Біз
әлеуметтік
желіде
29-06-25 |
320 рет қаралған
Неге байланыс қымбаттап, сапа жақсармай тұр?.
Неге байланыс қымбаттап, сапа жақсармай тұр?

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтен неге ұялы байланыс операторлары тарифті көтергенімен, байланыс сапасы жақсармайды деген сұрақ қойылды, деп жазды Tengrinews.kz.

— Қазақстандықтар байланыс сапасына жиі шағымданады. Бірақ ұялы байланыс операторлары тарифті көтеріп, бұл жайлы тек хабарлама жіберумен шектеледі. Неге тариф өссе де, сапа артпайды? — деп сұрады Tengrinews.kz тілшісі.

Жаслан Мәдиевтің айтуынша, байланыс сапасындағы мәселелер кейде «ақ дақтардың» пайда болуына байланысты туындайды.

— Мұның себептері – жаңа аудандардың пайда болуы, қаланың кеңеюі, белсенді құрылыс, жаңа ғимараттар. Ұялы байланыс операторлары базалық станцияларды орнату, электр қуатын тарту, антенна-бағана құрылымдарын салу мәселелерін жедел шешуі керек. Бұл біраз уақыт алады. Егер шағымдар болса, азаматтар e-otinish жүйесі арқылы хабарласа алады. Біз жауап береміз, тексереміз, нұсқама береміз. Егер олар орындалмаса – айыппұл саламыз, – деді министр.

Оның айтуынша, бұл жұмыс үнемі жүргізіліп отырады, себебі министрлік азаматтар үшін байланыс сапасын тұрақты түрде жақсартуға мүдделі.

— Біз оларды (операторларды) қадағалаймыз. Бізде радиожиілік қызметі бар, ол байланыс сапасын өлшейді. Белгілі бір минималды шекті мәндер, секундтағы мегабит саны, сапа бойынша нормативтік талаптар бар. Егер бұзушылықтар болса, шара қолданамыз. Айыппұлдарды қатаңдату бағытында да жұмыс істеп жатырмыз – нормативтік-құқықтық актілерге 3–5 есеге дейін өсіруді енгізудеміз. Қазір бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр, – деді министр.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.