23-05-24 |
5720 рет қаралған
Несие алуда ерлі-зайыптылардың рұқсаты заңды түрде бекітілмек.
Несие алуда ерлі-зайыптылардың рұқсаты заңды түрде бекітілмек

23 мамырда Сенат отырысында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов ерлі-зайыптылардан несие алуға рұқсат алудың шарты туралы айтты. Мұндай норма ел заңдарына енгізілмек.

Сенатор Сергей Карплюк ерлі-зайыптылар несие алуға келіскен кездегі норма белгілі бір сомаға қатысты екенін айтты.

«Әңгіме 1000 АЕК туралы болып отыр, одан жоғары тұтынушылық кепілсіз несие, банктер немесе микроқаржы ұйымдары берген кезде олар жұбайының келісімін сұрауы керек. Ажырасқан жағдайда АХАЖ базасы бар, ол жерде некеде тұрғаны туралы мәлімет болса, оған талаптар қойылады, ал базада жоқ болса, онда талап қойылмайды. Бәрі қарапайым», – деді сенатор.

Неліктен дәл осы шекті белгілеу ұсынылып отырғанын АӨҚДҚ төрағасының орынбасары Олжас Қизатов түсіндірді.

«Бұл 1000 АЕК-тен жоғары ірі несиелер бойынша үй шаруашылықтары шешімді саналы түрде қабылдау үшін, яғни жұбайының келісімін алу үшін көбірек жасалды. Жұбайының келісімін алу, басқалармен қатар, банктік қызметтер нарығында жалған операцияларды азайтуға бағытталған, өйткені қазір несие беру кезінде жалған мәмілелердің саны артып келе жатқаны ешкімге жасырын емес. Және бұл, біздің ойымызша, банк қызметтері нарығындағы алаяқтықты азайтуға көмектесетін шаралардың бірі», – деді ол.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.