27-02-25 |
460 рет қаралған
Несие бойынша төлем мерзімін кейінге қалай шегеруге болады?.
Несие бойынша төлем мерзімін кейінге қалай шегеруге болады?

Егер сіз қаржылық қиындықтарға тап болып, несиені уақытында төлей алмасаңыз, мәселені шешудің жолы бар. Қарыз жүктемесін уақытша жеңілдетудің бір жолы – мерзімін кейінге шегеру рәсімін пайдалану.

Несие бойынша төлем мерзімін кейінге шегеру дегеніміз не?

Бұл несие алушыны төлем жасаудан уақытша босату. Бірақ ол қарызды кешіру емес, тек төлемдерді кейінге қалдыру екенін ескеру қажет. Кейін банк несиенің мерзімін ұзартуы немесе төлемдерді көбейтуі мүмкін.

Егер мерзімін кейінге шегеру рәсімі ресми түрде келісіліп, шарттың талаптары орындалса, бұл несие тарихына теріс әсер етпейді.

Төлем мерзімін кейінге шегеруді кім рәсімдей алады?

Банк өтініштерді жеке тәртіппен қарайды. Көбінесе, оң шешім келесі жағдайларда қабылданады:

  • уақытша еңбекке жарамсыздық (сырқаттану салдарынан);
  • жұмыстан қысқару немесе жалақының төмендеуі;
  • отбасы мүшелерінің санының артуы (мысалы, бала туу);
  • форс-мажорлық жағдайлар (өрт, су тасқыны және т.б.).

2024 жылдан бастап мерзімді әскери қызметшілерге несие бойынша мерзімін кейінге шегеру автоматты түрде беріледі – өтініш берудің қажеті жоқ. Бұл тек қызмет ету кезеңін ғана емес, одан кейінгі 60 күнді де қамтиды. Сондай-ақ, осы уақыт ішінде пайыздар мен айыппұлдар есептелмейді.

Мерзімін кейінге шегеруді қалай рәсімдеуге болады?

  1. Несие берген ұйымға жүгіну

Өтінішті банкке немесе микроқаржы ұйымына (МҚҰ) кеңседе, мобильді қосымшада немесе электрондық пошта арқылы жіберуге болады. Неғұрлым ерте хабарлассаңыз, шешім қабылдау ықтималдығы соғұрлым жоғары.

  1. Құжаттарды дайындау

Қаржылық қиындықтарды растайтын құжаттарды ұсыну қажет:

  • жұмыстан босату туралы бұйрық немесе қысқарту туралы анықтама;
  • медициналық анықтамалар;
  • жалақының төмендегенін растайтын құжаттар;
  • бала туу туралы куәлік (егер отбасы мүшелерінің саны артса).
  1. Шешімді күту

Банк немесе МҚҰ өтінішті 15 жұмыс күні ішінде қарайды. Мүмкін нұсқалар:

  • мерзімін кейінге шегеруді мақұлдау;
  • бас тарту (себебі көрсетіледі);
  • басқа нұсқаны ұсыну (қайта құрылымдау, пайыздық мөлшерлемені төмендету және т.б.).

Егер негізсіз бас тартса, банк омбудсманына (банктер үшін) немесе микроқаржы омбудсманына (МҚҰ үшін) жүгінуге болады. Егер олар да көмектесе алмаса, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағымдануға болады.

Маңызды ескерту:

  • мерзімін кейінге шегеру ең көп дегенде 6 айға беріледі;
  • мерзімін кейінге шегеру уақыты артқан сайын, артық төлем сомасы да көбейеді;
  • қарыз мерзімін кейінге қалдыру туралы өтінішті қарыз мерзімі өтіп кетпей тұрып беру керек.

Егер сіз қаржылық қиындықтарға тап болсаңыз, несиелік міндеттемелерді елемеңіз – банктің көмегімен жағдайды бақылауда ұстауға болады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.