Қоғам белсендісі Меруерт Төлебаева «Nur Otan» партиясының жастармен жұмысына оң баға берді. Ол мемлекеттің саяси жүйесінде көшбасшылықты сақтап қалу үшін уақыт талабына ілесіп, нәтижелі жұмыс істеу заңды құбылыс екенін жазды.
«Nur Otan» еліміздегі саяси партиялардың ішінде алғашқы болып заманауи үрдістер мен талаптарға сай жұмыс істеуге бейімделе бастады. «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» атты партияны қайта жандандыру бағдарламасы табысты жүзеге асырылып келеді. Биліктің барлық деңгейінде партиялық жауапкершілікті арттыратын шаралар қолға алынуда. Әрбір қазақстандықтың мемлекеттің әлеуметтік саясат игілігін сезінуіне көп күш жұмсап келеді. Осы орайда партияның медиа кеңістікте тиімді жұмыс істеп жатқанын да атап өту ләзім.
Соның жарқын бір дәлелі бүгін «Nur Otan» партиясын медиахолдингінде кадрлық өзгерістер «Астана» телеарнасының жаңа басшысы Әзізхан Әбілдинов тағайындалды. Бұған дейін ол «Nur Media» медиахолдингі бас директорының орынбасары қызметін атқарған. «Астана» телеарнасының бұрынғы бас директоры Құрманбек Жұмағали «31 Арнаға» ауысты. Айта кету керек, екеуі де партия медиахолдингінің «қарлығаштары». Расында, билеуші партия креативті медиа-менеджерлер өсіріп шығарды, бұл «Nur Otan» партиясы тарапынан БАҚ-тың дамуына ерекше назар аударудың нәтижесі және партияның белсенді енгізіп жатқан меритократия қағидатының іс жүзінде жұмыс істеп жатқанының көрінісі.
Пандемия мен одан кейін туындаған экономикалық қиындықтар қоғамның барлық саласында әсерін тигізгені мәлім. Соның ішінде ақпарат алу, жедел таратуды көздейтін медиа саласы да бар. Партиялық медиа ресурстар қиындыққа қарамастан, түрлі көрсеткіштер бойынша жетістікке жете алды»,- деп жазды ол Facebook парақшасында.
Сонымен қатар, Төлебаева «Nur Otan» – елімізде ең қуатты медиа ресурсы бар жалғыз партия екенін айтып, «NUR Media» медиахолдингі Қазақстанның медиа кеңістігіндегі алпауыт ойыншы екенін жазды. Холдинге қарайтын: «N-S» пен «ORDA FM» радиолары (астаналық радиолардың ішінде жетекші орынға ие); «Aiqyn.kz» (қазақтілді сайттардың арасында үздік үштікте) «Liter.rz» (үздік бестікке кіреді), «Túrkistan» газеті – қиырдағы қазақтарды түгендеп, атажұртымен қауыштырып жүрген елдегі жалғыз басылым. «Айқын» мен «Литер» барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар санасатын басылым. «Nur Otan»-ның негізгі ақпараттық-идеологиялық ресурсы – «Астана» телеарнасы. Бүгінде бұл арна Қазақстандағы телеарналардың үздік бестігінің қатарында екенін айтты.
«Астана» телеарнасы «Хабар», «31-арна», 7-арнаны артта қалдырды. Сосын телеарнаның кешкі жаңалықтарына қарапайым халық қоңырау соғып, мемлекеттік органдар шешпеген өзекті мәселлерді көтере алады. Студиядан меморганның өкіліне хабарласып, мәселенің мән-жайын анықтап, өзекті мәселені шешуге көмектеседі.
Ашылғанына нәбәрі екі жыл толған «Азаттық рухы» сайты қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, өз оқырмандарын қалыптастырды. Күн сайын 70-100 ақпарат тарататын ресурстың 100 мыңнан астам тұрақты оқырманы бар. Сайттың youtube-тағы оқырмандары 153 мыңнан асты.
Телеарналардың рейтингісін TNS Central Asia халықаралық компаниясы, ал сайттардың рейтингісі Liveinternet арқылы жүргізіледі. Осындай ашық бәсекелестікте партияның медиа ресурстары көшбасшы болып, халық пен биліктің арасында алтын көпір орната білді.
Міне, осындай тиімді жұмыстың нәтижесінде осы саланың майталман шеберлеріне деген зор құрметті сақтай отырып, саяси партия жас менеджерлерді қалыптастыра білуі өте жақсы үрдіс. Байқағанымыздай «Nur Otan» партиясының жастарға деген сенімі барлық бағытта өзін ақтады. Билеуші партияның БАҚ рейтингтері және олардың жетекшілерін ілгерлетіп жаңа қызметке тағайындау жақсы көрсеткіш.
Қорыта келе, «Nur Otan» партиясы бүгінде тиімді өз дәрежесінде жұмыс жасауда: дамудың нақты индикаторлары, партия жүзеге асыратын өзінің күн тәртібі бар. Қиын жағдайларға қарамастан қойылған міндеттерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін кәсіби басқарушыларын дайындай алды. Ең бастысы, бұл партия қатарына үнемі қосылып отыратын жаңа жас кадрлар үшін тамаша әрі үздік мотивация»,- деген пікір білдірді қоғам белсендісі.
.