arasha.kz

Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысында Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында берілген тапсырмаларын жүзеге асыру шаралары қаралды.

 Макроэкономикалық саясаттың тепе-теңдігін жақсарту үшін ақша-несие және фискалдық саясат арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету тәсілдері талқыланды.

Нарық тетіктері негізінде мемлекеттік қаржы тұрақтылығын және экономиканың өсу сапасын арттыруға баса назар аударылуда. Бюджеттік ережелер мен нысаналы бағдарлар жүйесінің сақталуын институционалды түрде нығайту, экономиканы қаржыландырудағы жеке сектордың рөлін арттыру, қаржы секторындағы жүйелік тәуекелдерді төмендету бойынша ұсыныстар тыңдалды.

 Жиынға Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Қанат Шарлапаев, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев, сондай-ақ жауапты министрліктер басшылығы қатысты.

Exit mobile version