Премьер-министр Олжас Бектенов жаһандық инвестициялар бойынша VII Қазақстандық дөңгелек үстелге қатысты (KGIR-2024). Алаңда ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, энергетика және тау-кен өндіру салалары, қаржы секторы салаларындағы жетекші халықаралық және қазақстандық компаниялар басшыларымен бірге 500-ден астам бизнес өкілі, сондай-ақ отандық кәсіпкерлік сала өкілдері, инвесторлар жиналды.
Пленарлық сессия «Жаһандық инвестициялық үрдістер: болашаққа көзқарас» тақырыбына арналды.
KGIR жұмысын аша отырып, Олжас Бектенов дөңгелек үстел Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Шетелдік инвесторлар кеңесі отырысының қисынды жалғасы саналатынын және бизнес-қоғамдастықпен тығыз диалог құруға бағытталғанын атап өтті.
Қазақстан Үкіметі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Бүгінде елімізде 14 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді, онда инвесторлар үшін салықтық және кедендік преференциялар көзделген, шетелдік жұмыс күшін жалдау рәсімі жеңілдетілген, бизнес үшін әкімшілік кедергілер азайтылған. Кәсіпкерлердің мәселелерін жедел шешу үшін Үкімет жанындағы Инвестициялық штаб тұрақты негізде жұмыс істейді. Басым инвестициялық жобалар үшін рұқсат беру рәсімдерінен өтуді жеделдететін «Жасыл дәліз» немесе Fast-track тетігі іске қосылады. Отандық және шетелдік инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін барынша қорғауды қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалған. Мәселен, шетелдік бизнеске АХҚО-да ағылшын құқығы мен ұлттық құқықтық жүйе арасында таңдау мүмкіндігі берілді.
KGIRr қатысушылары елімізде жобаларды іске асыру тәжірибесін бөлісіп, ынтымақтастықтың одан әрі келешегін атап өтті. China Energy Investment Corporation бас директорының орынбасары Янь Гочуань энергетика саласындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтіп бірлескен жобалардың әлеуетіне сенім білдірді:
«Біз энергетика саласында көмірді әзірлеу және экологиялық таза пайдалану, жаңа энергетика, инфрақұрылымды қолдау жөніндегі қазақстандық жобаларға белсенді қатысу үшін озық технологияларымызды, кәсіби әлеуетімізді және тамаша басқару командасын толық көлемде пайдаланатын боламыз. Біз үшін Қытай мен Қазақстан арасындағы достық ынтымақтастыққа өз үлесімізді қосу маңызды».
AstraZeneca-ның халықаралық биофармацевтика өңірі бойынша вице-президенті Нитин Капур өз сөзінде Қазақстанның Орталық Азия фармацевтикалық нарығындағы басты ойыншы ретіндегі маңызы, жергілікті өндірісті және инновациялық шешімдерді дамыту жөніндегі күш-жігері атап өтілді.
«Қазақстан Орталық Азиядағы AstraZeneca бизнесінің локомотиві саналады және жаһандық биофармацевтикалық компания ретінде біз Қазақстан Үкіметінің өңірдегі фармацевтика өнеркәсібінің орталығына айналуға қатысты өршіл мақсатын қолдаймыз», — деді Нитин Капур.
Сондай-ақ пленарлық сессия барысында Power International Holding президенті Рамез Әл-Хаят, Fufeng Group Limited Директорлар кеңесінің төрағасы Ли Сюэчунь, ACWA Power бас атқарушы директоры Марко Арчелли, Carlsberg Group Еуропа, Үндістан елдері бойынша атқарушы вице-президенті Ларс Леманн, Alstom компаниясының Африка, Таяу Шығыс және Орталық Азия өңірлері бойынша президенті Эндрю Делеони және Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) банк операциялары жөніндегі вице-президенті Маттео Патроне сөз сөйледі.
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024