13-07-24 |
10520 рет қаралған
Олжас Бектенов контрафактілік өнімдермен күрес жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Олжас Бектенов контрафактілік өнімдермен күрес жұмыстарын күшейтуді тапсырды

және қозғалысы туралы ақпаратты тіркеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ деректерді өңдеу уақытын қысқартады әрі тауар айналымын бақылаудың тиімділігін арттырады.

Пилоттық жобаны іске асыру нәтижесінде 89,4 млрд теңге көлемінде ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің шарттары 100% цифрландырылды, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер мен өткізушілердің 95%-ы қамтылды.

Бұған қоса, Ұлттық жүйені кеңейту және оған 58 тауар позициясынан тұратын азық-түлік себеті мен соның негізінде инфляция есептелетін 488 тауардан тұратын тізбені енгізу жоспарлары қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша Үкімет басшысы тиісті министрліктерге контрафактілік тауарларды анықтау шараларын күшейтуді, сондай-ақ аяқталған пилоттық жобалар бойынша тауар топтарын міндетті таңбалауды енгізу және бағалардың сенімді әрі жедел мониторингін қамтамасыз ету мақсатында тауарлардың бірыңғай каталогын заңнамалық тұрғыдан бекіту мәселелерін пысықтауды тапсырды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.