15-05-24 |
1420 рет қаралған
Онлайн алаяқтар өздерін брокерлер деп таныстырады.
Онлайн алаяқтар өздерін брокерлер деп таныстырады

Сіз жаңа инвестициялық бағдарлама туралы хабарландыруды көріп қалдыңыз делік. Жарнамада оны инвесторларға қысқа мерзімде қомақты табыс табуға кепілдік беретін танымал кәсіпкер іске қосқаны айтылған. Сөйтіп, алданып қалатыныңызды білмей, алдымен аз мөлшерде ақша салып, көп ұзамай оны пайызбен қайтарасыз. Оңай ақша табатыныңызға «сеніп», тағы да ақша саласыз, көбірек, бірақ…. алданып қаласыз. Қазір онлайн алаяқтар осылай әрекет етеді. Бұл схеманы егжей-тегжейлі сипаттап, оның құрбаны болмаудың жолдары жайлы айтып өтейік.

Интернет-ұрылар өздерін биржалық брокерлер деп таныстыратын сценарийді шартты түрде үш қадамға бөлуге болады. Қылмыскерлердің қалай әрекет ететінін біле отырып, сіз олардың алдап жатқандарын уақытында танып, қармағына түспейсіз.

1-қадам: азғыру.

Әлеуметтік желілерде алаяқтар инвестициялық платформалар туралы баннер мен видоларды көп таратуда. Бұл хабарландыруларда әртүрлі инвестициялық бағдарламалар туралы айтыландай көрінеді: бірде мемлекеттік, бірде ірі банктің, мұнай компаниясының немесе Илон Масктың бағдарламасы болып шығады. Өзгермейтін бір ғана нәрсе: қомақты табыс табу. Жарнамада аз ақша салып, бірнеше айдан кейін миллиондаған ақша табуға болатындығы ұдайы айтылады. «Инвестициялауды» бастау оңай: жарнамадағы сілтеме арқылы өтіп, қатысуға өтініш қалдыруыңыз керек.

2-қадам: адамның сеніміне кіру.

Біраз уақыттан кейін өтініш қалдырған адамға өзін жеке менеджер ретінде таныстыратын біреу қоңырау шалады. Бастапқыда қоңырау қарапайым ұялы байланыс нөмірінен келіп түседі, кейіннен әңгімелесушіге What’sApp-қа өту ұсынылады. Онда әлеуетті жәбірленушіге «инвестициялардың» қалай жұмыс істейтіні туралы егжей-тегжейлі ақпарат ұсынылады. Менеджерлер қомақты ақша таба алатындарын айтып, күрделі терминдерді қолдана отырып, «көп сөйлейді». Мұның бәрі ашықтықты және осының бәріне сеніп, ақша «сала бастайтын» клиентке деген қамқорлықты көрсету үшін жасалады.

3-қадам: алдап, ақша алу.

«Жеке менеджердің» сөзіне сеніп қалғандарға алаяқтар қорғалмаған сайтта «жеке кабинет» ашады. Онда клиенттің өзі айтқан жеке деректері және алғашқы салымының мөлшері көрсетіледі. Алаяқтар қомақты пайда табу үшін жәбірленушілердің «табыс табуына» мүмкіндік беретін жағдайлар жиі болады. Мысалы, «инвестор» бағдарламаны тексермк болып, алдымен аз ғана, айталық, 10 мың теңге салады. Жеке кабинетте бұл сома көрсетіледі, «жеке менеджер» оны белгілі бір акцияларға «жұмсауды» ұсынады, ал бір аптадан кейін 10 мың 30 мыңға «айналады». Осыған қуанған, ең бастысы, «брокерлердің» адалдығына сенген клиент бұл ақшаны өз шотына аударып, келесі салым жасайды. Бұл жолы жүздеген мың, кейде миллиондап ақша салынады. Адамдар пәтерлерін сатып, «инвестициялау» үшін несие алған жағдайлар да бар. Бірінші жолғыдай «менеджер» «акцияларға» ақша салуға кеңес береді, жеке кабинетте экранда ақшаның мөлшері күн санап өсіп жатқаны көрінеді, клиенттер соған мәз болады. Ал «тапқан ақшаны» алатын уақыт келгенде, жәбірленушіге бұл соманың тым көп екені, оны алу үшін комиссия төлеу керек екені айтылады. Ештеңеден күмәні жоқ клиент қосымша төлем жасайды. Тек осыдан кейін ғана ол не болғанын түсінеді. «Менеджер» де, «жеке кабинет» те, «инвестициялық платформа» да енді қол жетімсіз болады. Олар аңқау «инвестордың» ақшасын иемденіп, біржолата жоқ болады.

Олардан қалай қорғануға болады?

Біріншіден, күмәнді әлеуметтік желі парақшаларында немесе қорғалмаған сайттарда жарияланған инвестициялау туралы үндеулерге мүлдем сенбеңіз. Егер бағдарлама тартымды болып көрінсе, ол туралы Желіде не жазылғанын оқыңыз. Ол үшін бағдарлама атауын іздеу жүйесінде теріңіз. Егер бағдарлама туралы ештеңе айтылмаса және нәтижелер тізімінде осы инвестициялық бағдарламаны ұсынған ресми ресурс болмаса, онда жарнама өтірік, ал оның авторлары алаяқтар.

Екіншіден, аз ғана ақша салып, бірнеше апта ішінде миллиондаған пайда табуға мүмкіндік беретін инвестициялық бағдарламалар болмайды. Егер біреулер осыған ұқсас нәрсе ұсынса – сенбеңіз! Инвестициядан қомақты түсім түсетініне кепілдік беру тек алдау ғана емес, бұл қылмыс. Инвестициялық қорлар мен басқарушы компанияларға болашақ инвестициялық қызметтің кірістілігіне кепілдік беруге заңмен тыйым салынған. Бұл туралы «Инвестициялық және венчурлық қорлар туралы» Заңның жетінші тарауында жазылған.

Үшіншіден, егер инвестиция салмақ болсаңыз, мұны ақылмен істеңіз. Желіде осы тақырып бойынша барынша көп ақпаратты зерттеп, қандай инвестициялық бағдарламалар бар екенін және олардың қалай жұмыс істейтінін анықтаңыз.  Нағыз брокерлерді алаяқтардан қалай ажыратуға болатындығы туралы мына жерден оқи аласыз.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.