20-05-19 |
2300 рет қаралған
Қостанайда Қазақстан-Ресей жастарының форумы басталады.
Қостанайда Қазақстан-Ресей жастарының форумы басталады

Бүгін Қостанайда Қазақстан мен Ресейдің жастар ынтымақтастығы форумы басталады. Форум ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өтеді.

Форумға ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Ресей Федерациясының Президент Басқармасының өкілдері, Ресей Федерациясының жастар істері жөніндегі федералдық агенттігінің басшысы Александр Бугаев қатысады. Форумның 1000-нан астам делегаттары қатарында – еріктілер қозғалысының өкілдері, жастар ұйымдарының көшбасшылары, Қазақстан мен Ресейдің түкпір-түкпірінен келген жас кәсіпкерлер қатыспақ.

Қатысушылар әлеуметтік және медициналық еріктілік жобаларды, корпоративтік еріктілікті дамыту механизмдерін, сондай-ақ экологиялық еріктілік саласында орын алған мәселелерді шешімдерін талқылайды.

Форум аясында қазақстандық және ресейлік еріктілік және әлеуметтік жобалар көрмесін, TEDx форматында екі елдің үздік жобаларының тұсаукесерін, сондай-ақ ағаштарды отырғызу және Тобыл өзенін тазарту бойынша бірлескен экологиялық іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Айта кетейік, Үкімет жастар жылына байланысты қабылдаған “Жол картасына” аясында өтіп жатқан шара. Шараны ұйымдастыру, өткізу ісіне 50 миллион теңге жұмсалатынын бұған дейін жазған едік.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.