“Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің БН-350 реакторлық қондырғысының директоры Марат Молдағұлов референдумда 5,5 миллионнан астам қазақстандықтардың қолдауы атом энергетикасын технологиялық қажеттілік ретінде ғана емес, ел болашағы үшін стратегиялық таңдау ретінде де қабылдау керек екенін мәлімдеді.
6 қазан Қазақстан Республикасында АЭС құрылысы бойынша жалпыхалықтық референдум өтті. Орталық референдум комиссиясының мәліметі бойынша дауыс бергендердің 71,12 %-ы бұл бастаманы қолдады. Атом энергетикасының маманы ретінде мен бұл нәтижеге аса қуандым. Себебі, АЭС құрылысы экономика мен ғылымның серпінді дамуына зор үлес қосатынына сенімдімін. Отандық кадрлардың білімі мен ғылыми дәрежесі АЭС құрылысын жүргізуге және толыққанды жұмыс жасауына жеткілікті,- деді Марат Молдағұлов.
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024