Парламент депутаттары демалысқа шықты, келесі сессия қыркүйекте басталады.
Дүйсенбі, 30 маусым күні Парламент палаталарының осы саяси маусымдағы соңғы бірлескен отырысы өтті. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарды.
Қазіргі Мәжіліс депутаттарының құрамы 2023 жылдың наурызында сайланған болатын. Сенат сайлауы сол жылдың желтоқсанында өтті.
Заң бойынша, Қазақстанда Мәжіліс депутаттары 5 жылға, ал Сенат депутаттары 6 жылға сайланады. Сенаттағы сайланбалы депутаттардың жартысы әр 3 жыл сайын қайта сайланып отырады.