Еуразиялық интеграция институты сараптамалық қызмет нарығында әлеуметтік-экономикалық және саяси процесстер мәселелері бойынша 2012 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Әлеуметтік және сараптамалық сауалнама жүргізу біздің жұмысымыздың басым бағытының бірі болып табылады. Институт тұрақты негізде елдің дамуындағы өзекті мәселелер бойынша қоғамдық пікірді өлшеумен айналысады. Еуразиялық интеграция институтының Әлеуметтік зерттеулер орталығының жетекшісі Емишева Гүлден бірнеше сұрағымызға былай жауап берді.
— Қоғамдық пікірдің өлшемі қаншалықты шынайы жағдайды көрсетеді? Халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижесіне сенуге бола ма? Оның негізінде шешім қабылдауға бола ма?
— Әрине, социолог ретінде Сізге айтарым, әлеуметтік сауалнама қоғамдық көңіл-күйді өлшейтін басты құралдың бірі саналады. Тәжірибелі саясаткерлер мен бизнесмендер шешім қабылдап, тәуекелдер мен мүмкіндіктерді бағалау кезінде әлеуметтанушылардың мәліметтеріне жүгінеді. Алайда нәтижелерді дұрыс түсіндіру және ұсыныстарды дайындау үшін зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізуге егжей-тегжей дайындалу: деректерді жинау және талдау әдістемесі, құралдары, әдістерін әзірлеуі өте маңызды. Объективті көріністі алу үшін әлеуметтанушылар әр зерттеуге оның мақсаты мен міндетіне байланысты тұтас бағдарлама әзірлейді. Сауалнама нәтижесін дұрыс экстраполяциялау, тұжырым жасау үшін мәліметтер қайда, қашан және қалай жиналатынын түсіну керек. Қандай сұрақ қойылды және қандай жауап нұсқасы ұсынылғаны да маңызды. Мәселен, түрлі telegram-каналдардағы сауалнамалардың нәтижесін көргенде, біз оның барлық қазақстандықтардың пікірі еместігін түсінуіміз керек. Ол аталған каналға жазылушы, сауалнама тақырыбына қызығушылық танытқан интернеттің белсенді қолданушыларының ғана позициясы. Сол сияқты, өз достары мен таныстарының арасындағы аздаған сауалнама мен олардың жауабының нәтижесі негізінде бүкіл халықтың пікірі туралы қорытынды жасауға тырысу туралы айтуға болады. Бұл жағдайда «менің жазылушыларымның арасында», «менің достарым және таныстарым .. деп есептейді» және т.б. айтан жөн.
— Жақсы. Бүгінгі күні қазақстандықтардың көңіл-күйі қандай, оларды не мазалайды, айта аласыз ба?
— Біздің зерттеулеріміздің нәтижелері көрсеткендей, әрбір екінші қазақстандық алдағы 2-3 жылда өз өмірін жақсартуға сенімді, тағы 28% бәрі өзгеріссіз қалады деп есептейді. Респонденттердің 11,7% -ы ғана ең нашар сценарийді көреді. Азаматтардың көңіл-күйіне коронавирустық инфекцияның таралуы, карантиндік шаралардың енгізілуі және соның салдарынан қаржылық жағдайдың нашарлауы әсер етеді деп болжауға болады. Осылайша, респонденттер болашақта мемлекет алдындағы ең маңызды міндеттер халықтың әл-ауқатының өсуі, сапалы медициналық көмек көрсету, жұмыс орындарының ашылуы, жастардың жұмыспен қамтылуы және тұрғын үй мәселелерін шешу болып табылатындығын атап өтті. Азаматтар үшін бірінші кезекте отбасылық әл-ауқат, денсаулық, материалдық табыс, жоғары еңбекақы төленетін жұмыс, тәртіп пен қоғамдағы тұрақтылық тұр.
— Негізгі құндылықтар қатарында сіз «қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықты» атап өттіңіз. Бірақ, бүгінгі таңда біз көптеген елдерді наразылық толқындарының шарпығанын көріп отырмыз. Қазақстандықтардың наразы көңіл-күйлері туралы не айта аласыз?
— Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы басты жетістіктерінің бірі бейбітшілік пен келісімді сақтау болып табылады. Біз отбасының амандығы, денсаулықты сақтау және өркендеу туралы тек қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылық жағдайында ғана айта аламыз. Мен жаппай наразылықтар мен митингілер барысында экономикалық дамуы жалғасқан, адамдардың жұмысы мен тиісті жалақысы болған, мемлекет төлемдер бойынша өз міндеттемелерін толық көлемде орындай алған бірде-бір мысалды көрмедім. Азаматтардың жаңалықтарды қарап, баспасөз бен интернеттегі материалдарды оқып, түрлі тәртіпсіздіктердің салдарын бағалай алады деп ойлаймын. Біздің сауалнамаларымызға сәйкес, қазақстандықтардың 56,2% ел ішінде тәртіпті сақтау қоғамның барлық мүшелері үшін толық еркіндікті қамтамасыз етуге тырысудан гөрі маңызды екеніне сенімді. Тек 17% басқаша ойлайды. Сонымен қатар, 50,7% тіпті ереуілдерге тыйым салуды қажет деп санайды.
— Біздің азаматтардың саясатқа қаншалықты қызығушылық танытатынын айта аласыз ба? Ақпаратты қайдан алады?
— Шын мәнінде, тұрақты негізде елдің қоғамдық-саяси өмірі туралы ақпаратқа қазақстандықтардың тек 24,6%-ы ғана қызығушылық танытады, тағы 37,8%-ы анда-санда — қажет болған жағдайда. Негізгі ақпарат көзінің әлі де теледидар болып отырғандығын айта кету керек (46,4%). Респонденттердің жауаптарына сүйенсек, интернетте әртүрлі форумдар, әлеуметтік желілердегі блогтар (32,3%), содан кейін ғана жаңалықтар ресурстары (29,7%) ақпарат көзі болып табылады. Алайда кәсіби журналистикаға деген сенім жоғары: теледидар – 52,3%, жаңалықтар сайттары – 32,1%, форумдар мен блогтар – 29,8%.
— Өзіңіз білетіндей, қоғамның саясаттандырылған бөлігі Мәжіліс сайлауының жариялануын күтуде. Қандай саяси партиялардың сайлаушылардың қолдауына ие болатын мүмкіндігі бар екенін айта аласыз ба?
— Парламент Мәжілісіне өту үшін заңнамада белгіленген кедергіден өту мүмкіндігі туралы пайымдауға әлі ерте. Мұндай деректер бізде жоқ. Алайда, қазақстандықтар арасындағы сенім деңгейі бойынша «Nur Otan» партиясы абсолютті көшбасшы болып табылады деп бүгіннен айтуға болады. Біздің зерттеулеріміздің деректері бойынша партияның халық арасындағы танымалдығының деңгейі ең жоғары – шамамен 95%, сенім – 72,4%. Бұл ретте халықтың 78%-ы «Nur Otan»-ның қызметі азаматтардың мүдделеріне сәйкес келеді деп санайды. Партиялардың сайлаудағы мүмкіндіктерінің қандай болатынын біз электоралды кампания басталған кезде көреміз. Халықтың қазіргі саяси белсенділігі жағдайында, азаматтар өз үйлеріне келіп, белсенді жұмыс істейтіндер туралы ғана айта алады деп ойлаймын.