arasha.kz

Павлодардағы әлеуметтік мекемеде мүгедектігі бар балаларды ұрып-соққан

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің облыстық психоневрологиялық балалар орталығы» КММ-нің бейнебақылау камераларын қарау кезінде тәрбиеші тарапынан кәмелетке толмағандарды ұрып-соғудың бірнеше фактілері анықталды.  Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

Бұл денсаулық жағдайы бойынша дәрменсіз және психоневрологиялық патологиясы бар үнемі күтімді қажет ететін балалар.

«Кәмелетке толмағандарды қинау белгілері бойынша Орталықтың қызметкерлеріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, ол Полиция департаментіне тапсырылды», – делінген хабарламада.

Exit mobile version