Қоғам наразылығына ұшыраған Қазақстан мен ресейлік Сбербанк арасындағы меморандумнан шыққан дауға қатысты петиция жарияланды. Петицияда Қазақстан мен ресейлік Сбербанк арасындағы меморандумның күшін жою жөнінде талап қойылған. Егер талап орындалмаса, жариялаушылар және оған қол қоюшылар бейбіт шеруге шығу құқықтарын пайдаланатындарын айтқан.
Петиция президент Қ.Тоқаевтың атына қоғамдық петиция сайтында шықты. Петицияның толық мазмұны төмендегідей:
«Біз Қазақстан Республикасы азаматтары, 3 қыркүйек 2021 жылы ҚР премьер министр Асқар Мамин мен РФ Сбербанкі басшысы Герман Греф қол қойыған Меморандумды, заңсыз, ұлттық мүддеге сәйкес келмейді, тіпті мемлекетке опасыздық жасау әрекеті деп табамыз!
Аталмыш Меморандумның күшін жоюға талап етеміз
1. Сбербанктің платформасы проприетарлық емес, яғни оның кілті (код) ашық.
ҚР үкіметі қызметіне байланысты, халыққа қызмет ететін және азаматтар туралы жеке мәліметтер орналасқан платформаны ешқандай шетел ұйымға бермеу керек.
2. Қазақстан үкіметі мен ҚР азаматтары толық бақылауда болғаны және бұғаттап тастау мүмкіндігі ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қауіп түндіреді.
3. Ресей жекеленген «рунет жүйесін» баптап жалғастыруда, демек ҚР Ресей сияқты бүкіләлемдік ақпаратқа қолымыз жетпей, темір қақпаға кіреміз.
4. 2014 жылдан бастап РФ халықаралық санкциялар астында. Егер, ҚР олармен ортақ жүйе құрсақ, ҚР да санкциялар тиеді.
5. ҚР цифровизация бойынша 193 ел арасында 29 орында, ал РФ 36 орында, демек қазақстандық мамандарға $500.000 қаражат бөліп қолдасаңыздар, Қазақстанда цифровизация дамыту қолдарынан әбден келеді.
Сомен қатар Байқоңыр қаласындағы 2050 жылға жалға беру туралы Келісім, Торғай өңірінде 76 га РФ әскери полигонга беру Келісім және ҚР АЭС салу туралы президент Қ.Ж.Тоқаев айту халық үшін ұлттық мүддені сату деп табылады да Қазақ елдің тәуелсіздігіне тікелей қауіп деп санайды.
Халық бәрін, біледі, сараптайды, тергейді ақпарат жинайды. Халықпен санасатын уақыт келді.
ЕГЕР, ҚАЗАҚ ЕЛІ БАСШЫЛАРЫ, ТАЛАБЫМЫЗДЫ ОРЫНДАМАСА, КОНСТИТУЦИЯДА БЕЛГІЛЕНГЕН 32 БАПҚА СӘЙКЕС, БЕЙБИТ ШЕРУГЕ ШЫҒУ ҚҰҚЫМЫЗДЫ ПАЙДАЛАНАМЫЗ», – делінген петицияда.
Петиция бүгін, 15 қыркүйекте жарияланған және 82 адам қол қойып үлгерген.