22-02-21 |
1420 рет қаралған
Петропавлда өртенген жатақханада жеті газ баллоны болған.
Петропавлда өртенген жатақханада жеті газ баллоны болған

Төтенше жағдайлар департаменті Петропавлда жатақханада тіркелген өрттің шығу себептерін атады. Оқиға кезінде көпқабатты үйден 7 газ баллоны шығарылды. Ескі жатақхана орталықтандырылған газ жүйесіне қосылмаған.

«Жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. «Қаражорға» кафесінің ас бөлмесі жағындағы газ баллоны жарылды. Периметрі бойынша бірінші қабатта кәсіпкерлік нысандары орналасқан. Іргелес қабырғалар мен қалқалар Жарылыс нәтижесінде қираған. Қазіргі уақытта жарылыстың себебі анықталып жатыр», –  дейді Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Рамиль Камалов.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің айтуынша, пәтер иелері қаржылай көмек алады, үй бюджет есебінен қалпына келтіріледі.

 «Жарылыс кезінде өрт қарқынды түрде бірінші қабатты шарпыған. Артынша желдеткіш білік арқылы екінші қабатқа да жетіпті. Нысанның өзі бес қабатты, дәліз типті. Сонымен қатар тұрмыстық ыдыс-аяқтар өрттің шығуына себеп болды», – дейді Камалов.

Естеріңізге сала кетсек, жатақханада тіркелген өрт кезінде екі  адам қаза тапты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.