arasha.kz

Полицейлер жаңа формасын халықтың талқылауына ұсынды

Қазақстан ішкі істер министрлігі қазақстандық полицейлердің жаңа формасының жобасын жариялады.

ІІМ мәліметінше, полицейлердің формасы соңғы рет 2005 жылы өзгерген. Министрлік «бұрынғы форма заманауи талаптарға сай келмейді. Қазіргі жаңа үлгі қолайлы әрі тартымды» деп санайды.

Ішкі істер министрлігі жаңа форма үлгісін халықтың талқылауына ұсынып, азаматтардан белсенділік танытуды сұрады.

Exit mobile version